Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Колледжде “АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ” құрылды.

Орталықтың мақсаты студенттерді оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша колледжбен ата-аналардың қарым-қатынасын күшейту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болып табылады.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Білім әлеміне ата-аналардың саяхаты!

Экскурсия барысында ата-аналар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. «Маркетинг», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша оқу-тәжірибелік зертханаларына барды.

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының зертханасында ата-аналар студенттер дайындаған өнімдердің дәмін татты. Студенттердің кәсіби дағдыларына жақсы пікір қалдырды.

Колледжде ата-аналар жиналысы!
Жиналысқа оффлайн және онлайн режимде қатысқан барлық ата-аналарға колледжіміз туралы пікірлері мен қолдауы үшін алғыс айтамыз! Біз сіздермен бірге студенттеріміздің кәсіптік дамуы және білім алуы үшін қолайлы жағдай жасаймыз!

21.11.2023 жылы арнайы пәндер педагогы Кусаинова Дина Гайдаровна М-11-23-2 тобында “Тауарларды сату және сатып алушылармен есеп айырысу” кәсіби модулінен “Тауарлы-материалдық қорларды 1С Кәсіпорын бағдарламасына кіріске алу” тақырыбында, ата-аналардың қатысуымен ашық сабақ өткізді.

Сабақ басталмай тұрып, педагог студенттерге жағымды психологиялық орта қалыптастырды. Студенттердің сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, сабақта QUESTIONSTAR. 1С Кәсіпорын бағдарламасы, https://docs.google.com/ ресурстары қолданылды.

31 бет. Барлығы: 62

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.