Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

5 мамыр күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Отаншылдық және спорт-ұлттың рухы» дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері апталығының барысында «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» арналған мерекелік «Ел тірегі - рухты сарбаз» саптық және ән - шеру, спорттық , әскери жаттығулар сайысы өтті.

 

Мұндай шаралар студенттердің патриотизмін арттыру, әскери қызметке, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

 

Сайыстың қонағы ретінде ҚР Қарулы күштерінің және ауған соғысының ардагері Сәрсенхан Әзімбайұлы қатысты.

 

Сайысқа І курс студенттері арасынан 14 топ қатысып, командирдің командасы бойынша саптық шеру, әскери саптық жаттығуларды, қатысушылардың тәртібін, қозғалыс жылдамдығын, командаларды орындау дағдыларын көрсетті. Студенттердің әскери формасына мән берілді. Қатысушылардың сапта тұруы, патриоттық әндердің орындалуы бағаланды. Сонымен қатар, студенттер АК-47 қаруын шашып - құрастыру, кермеге тартылу, жерден денені көтеру, ұзындыққа секіруден өз ептіліктері мен күш-жігерін көрсетті.

 

«Ел тірегі - рухты сарбаз» іс-шарасы қатысушылардың бойында патриоттық сезімді ұялатып, әскери қызметке деген қызығушылықты арттырды. Студенттерді біріктіріп, ұлттық рухын көтерді. Сайыс соңында өз жетістіктерімен көзге түскен топтар болды, олар алғыс хаттар, мадақтамалар мен ақшалай сыйлыққа ие болды:

 

І орын/30000т/ БҚЕ-9-24-2,

ІІ орын-/20000т/- УА-9-24-1,

ІІІ орын/15000т/ БҚЕ-9-24-4 топтары иеленді.

instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз.

   

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.