“Салауатты өмір салты, біз спортты жақсы көреміз»
2 мамыр күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Дене тәрбиесі және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің апталығы аясында “Салауатты өмір салты, біз спортты жақсы көреміз» І курс студенттері, топ жетекшілерінің арасында сергітетін және ұйымшылдықты арттыратын көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен достықты нығайту болды.
Ойын барысында әр командалар бірнеше кезеңнен тұратын эстафеталық сайыстарға қатысты. Олар жылдамдық, ептілік және ұжымдық үйлесімділікті талап ететін түрлі тапсырмаларды орындады. Жылдамдыққа жүгіру, дөңгелектен өту, «Қырықаяқ», «Вертолет» ойындары ерекше қызықты болды. Студенттер бұл шарадан үлкен қуаныш алып, дене шынықтырудың маңыздылығын түсінді. Ойындар студенттердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, командалық рух береді, ұйымшылдық пен достыққа тәрбиелейді.
Ойын қорытындысы бойынша:
І орын М-9-24-4 топ жетекшісі А.Тельманқызыя
ІІ орын БҚЕ-9-24-4 топ жетекшісі А.Кенжехан
ІІІ орын УА-9-24-1 топ жетекшісі Р.А. Айткужиева
ІҮ орын А-9-24-2 топ жетекшісі Н.К.Өмірзақова
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз.