Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

30 сәуір күні Қазтұтынуодағының жоғары колледждінде «Жас толқын» ЖДО және №3 емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Отаншылдық және спорт-ұлттың рухы» дене тәрбиесі мен алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері апталығы аясында Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия чемпионы, Шотокан каратэден әлем, Қазақстан чемпионы,Ұлттық құрама мүшесі, қара белбеу иегері, халықаралық жарыстардың чемпионы және жүлдегері Жақсыбаева Венера Болатбековнамен кездесу болып өтті. Студенттерге салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруі жайында ақпарат берілді.

Қонақ Жақсыбаева Венера Болатбековна өзінің спортқа деген қызығушылығы, жүрген жеңіс жолдарын, жеткен жетістіктерін мазмұнды етіп баяндады. Көп елдерді аралап, жаттығу әдістерін, психологиялық дайындығын, әртүрлі жағдайға тиянақты дайындалатынын түсіндірді. Жарыстың алдындағы спортшының мінезі, тактикасы, болашақтағы мақсаты туралы сұрақтарға жауап беріп, студенттерге салауатты өмір салтын ұстау, жаман әдеттерден сақ болу, бос уақыттарында түрлі үйірмелерге барып, өзін-өзі шынықтыру, дамытуды айтты. Венера Жақсыбековамен таңдау тесті жүргізілді, спортшы өзінің таңдауын айтып, сұрақтарға жауап берді. Студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Кездесу жақсы әсер қалдырды, студенттер қонақпен естелік суретке түсті.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

  

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.