2024 жылдың 13 желтоқсан күні Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған мерекелік іс-шара өтті.
“Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!” атты салтанатты шарамызда ата-бабаларымыздың ел тәуелсіздігі жолындағы ерліктері мен бүгінгі тәуелсіздіктің қадір-қасиеті дәріптелді.
Шараның басталуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылып, тәуелсіздігіміздің мәні мен маңыздылығын насихаттаған рухани-мәдени ән-шашумен жалғасты.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде ақын, әрі әуесқой сазгер Рыскүл Шайхисламова қатысты. Оның “Қазағым елім, аман болсын!”атты әнін колледж студенттерінен құралған хор орындап, тәуелсіздікке деген махаббат пен мақтаныш сезімін әрбір көрерменнің жүрегіне жеткізді. Сонымен қатар, “Алтын-Алма” отбасылық ансамблі сахнада өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтарды паш етті.
Бұл шараның басты идеясы – жастарды отансүйгіштікке, тарихымызды құрметтеуге және тәуелсіздіктің қадірін түсінуге шақыру. Қатысушылар мерекелік шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және тәуелсіздік рухын сезінгендерін атап өтті.
“Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!” атты іс-шарамыздың соңында қонақтарға колледждің атынан алғыс хаттар табысталып, Қ. Мырзалиевтің сөзіне жазылған Е.Қасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.