12 желтоқсан 2024 жылы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты тарих апталығының аясында ЕА-9-24-2 топ студенттерімен тарих пәнінің педагогы С. М. Құндызбекова Қазақстан тарихы пәнінен «Ұлттық мемлекеттің жаңғыртылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «College SmartNation» журналы, Canva сайты, «Genially» әдістері пайдаланылып, студенттер тапсырмалар орындады. Студенттер «Қазақ елі» монументі жанында түсірген бейнебаянмен таныстырып, А3 форматта жеке жоба жасау арқылы қорғады.
Педагог «Тәуелсіздік тәуекелдері» бейнебаянын пайдаланып, тарихи оқиғаларды түсіндірді. Студенттердің шығармашылық жұмыстары жоғары дәрежеде бағаланды.
Сабаққа қатысқан педагогтар сабақтың мазмұнды, қызықты өткізілгені туралы айтып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.