Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Жаратылыстану ғылымдары әлемінде» апталығы аясында педагог Сауханова Гүлнар Құсаинқызы геометрия пәнінен «Көпжақ ұғымы. Призма және оның элементтері, призма түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ үй тапсырмасын тексеру үшін «Тарсия» әдісімен басталды. Білім алушылар пазл құрастырып, өз білімдерін көрсетті. Жаңа сабақта QR код арқылы 3 топқа бөлініп, ноутбукте жұптық, жеке жұмыстар жасап, сабақ материалдарын бағдарламашы мамандығымен сәйкестендірді.

Тәжірибелік жұмыстарды орындауда студент Молдашбек Нұржігіт интерактивті тақтада GeoGebra 3D бағдарламасында призма фигурасын кескіндеп, элементтерін атаса, ІІ - топ призма кескіндемесінің макетін жасап, элементтерінің түрлерін сызбамен түсіндірсе, ІІІ - топ призманың физика пәнімен байланысын бейнебаян арқылы қорыта алды. Педагог цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдана білді. Quizizz платформасында жаңа сабақты меңгеру барысын байқады. Кері байланыс кезінде сұрақтарға жауаптар алынды. Сабақ мазмұнды , қызықты өтті.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.