Logotype Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі
 

Оқу бөлімі Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің (әрі қарай ҚСЭК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады

Оқу бөлімін директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары басқарады, ол ҚСЭК директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалып, лауазымынан босатылады.

Өз қызметінде бөлімше директорға бағынып, келесі нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы,
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
  • Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
  • "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
  • "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары
  • білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары
  • білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілері;
  • педагогика және психология негіздері
  • оқыту әдістерін және озық технологияларды;
  • басқарудың инновациялық әдістерін;
  • экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормалары.

Лауазымдық міндеттері:

  • білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады.
  • білім беру ұйымдары жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы бойынша жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.
  • оқу процесінің сапасын бақылауды, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады.
  • білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
  • педагогтік кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады. Педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.
  • еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Оқу жұмысы жөніндегі есептілік құжаттарды уақытылы жасауды, олардың дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІНІЗ Нұр-Сұлтан қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадырлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2022 ЖОҒАРЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.